Әблязовтың басты сыбайласы ұсталды

Қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың басты сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотқа тартылды.

Бұл жайлы хабарлайды zakon.kz сайты eureporter.co-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым Вашингтон қаласы маңында жүрген кезінде тәртіп сақшылары оның ізіне түскенін жазады.

"БТА банктің қаражатын жымқырды" деп айыпталған Мұхтар Әблязов бұл ретте бір топ серіктестері мен сыбайластарының көмегіне жүгінген. Солардың бірі Александр Удовенко болған еді.

"Ол Eastbridge Capital компаниясының директоры болған және 2009 жылы жоғалып кеткенге дейін Әблязовтың жанында үнемі жүрген ең жақын серіктестерінің бірі. Болжам бойынша, ол заңсыз пайдаланылған банк қаражаттын оффшорлық компаниялардың есепшоттарына аударуды ұйымдастырған және кейбір холдингтік компаниялардың номиналды "бенефициарлық меншік иесі" болған" делінеді банк хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, Удовенко сотта өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, өзін "саяси науқанның" құрбаны екенін мәлімдеген.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21