Болашақтың кепілі

Елбасының қазақстандықтарға арнаған бес әлеуметтік бастамасы бұқараға тың серпіліс бергендей болды. Себебі бастаманың бесеуі де халықтың көкейінде жүрген мәселені көтеріп, оны нақты шешуге бағытталған.

Әсіресе, «7-20-25» бағдарламасының аясында несие өлшемінің мөлшерлемесі жеті пайыз болса, көптеген қазақстандық отбасыларға баспаналы болуға мүмкіндік ашылды. Осы уақытқа дейін біз көбіне экономикалық өркендеуге ерекше назар аудардық. Себебі, өндірісі өркендемеген, экономикасы дамымаған елде әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысының осы жайға назар аударуы елге әлеуметтік мәселелерді реформалау керектігін байқатты. Әсіресе, Елбасымыз жастарға ерекше көңіл бөлуде.

Мысалы, Елбасының қамқорлық көрсету мақсатында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, 20 мың грант бөлу, жалақысы төмен қазақстандықтарға салық жүктемесі 1%-ке дейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беруді көбейту туралы ойы соның көрінісі болса керек. Сонымен қатар Президентіміз «Нұр Отан» партиясына халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың уақытында орындалып отыруын бақылауға алуды тапсырды. Елбасының әлеуметтік тұрмысты түзету мақсатында көрсеткен бұл бастамасы ел болашағының кепілі екені сөзсіз.

Мәди Жиенғазиев, аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521