Болашақ жастардың қолында

Өткен жылдың қазанында Елбасы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағанын ерекше әсермен жеткізгім келеді.

 Президентіміз әрқашан «Жастар – еліміздің болашағы» деп бізге үлкен сенім артуда. Жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында жастарға арнайы тоқталып, олардың сапалы біліммен сусындауын, жан-жақты, заманға сай азамат болып жетілуі керектігін айтып келеді. Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» деген ел Президентінің қуатты сөзі осыған дәлел болмақ.

Бұл дегеніміз - осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау. Осылайша, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналады. Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жас ұрпақ пен жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы - білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылып келеді. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігінің жоғары екендігін білеміз.

Думан ДҮЙСЕНБАЕВ,

аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521