Болашақ үшін жасалған ұтымды шешім

0 Votes

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес мәселесіне тоқталған болатын. 

"Бұл - ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресі, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады" -, деді Президент.

Иә, бұл мәселе тек Қазақстанды ғана емес әлем елдерін алаңдатып отырған өзекті мәселе. Өйткені есірткі оқуды қиындатады, жұмыс істеу қабілеті мен еңбекке деген құштарлығын бәсеңдетеді. Ол уақыт өткен сайын тәуелділікке әкеліп соқтырады. Ал тәуелділіктің соңы айтпаса да белгілі. Сондықтан өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.

Осы орайда ел Президентінің кезекті жолдауы болашақ үшін жасалған ұтымды шешім болды деп есептеймін.

Гүлфарида Өтепберген

Белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT