"Болашақ" бағдарламасы Атырауда

Қазақстанның білім беру саласындағы ең алғашқы, ауқымды және танымал бағдарламалардың бірі 1993 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен "Болашақ" халықаралық стипендиясы болып табылады.

Жыл сайын жүздеген қазақстандықтар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болып, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

4 наурыз күні «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ базасында Батыс Қазақстан аймағы бойынша «Болашақ» бағдарламасына үміткерлерді қабылдауға байланысты ережедегі өзгерістерді түсіндіру, ақпараттандыру бағытында арнайы форум өткізуді жоспарланып отыр. Форумда халықаралықаралық бағдарлама аясында мамандарды даярлау, шетелде біліктілікті арттыру, қайта даярлау мәселесі бойынша ынтымақтастықты дамыту тетіктері қарастырылады деп күтілуде. Соған байланысты Атырау қаласындағы «Болашақ» түлектері арасынан шағын жұмысшы топ құрылып, республикалық «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ топ менеджерлерімен бірлесіп алдағы жұмыстарды талқылады. Форумның негізгі мақсаты-Батыс аймаққа қажетті жоғары білікті мамандарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы даярлау.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21