Болашақ офицерлер онлайн режимінде оқытылуда

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында алғаш рет 100-ден астам екінші курс студенттері онлайн форматта іріктелінді.

on-oqu30-min

Карантиндік шектеулерге байланысты оқыту қашықтан жүзеге асырылуда. Әскери кафедраға іріктеу кезінде студенттер Атырау қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының медициналық комиссиясынан және университеттегі психологиялық тестілеуден өтті. Үміткерлердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағаланды. Алайда, қабылдаудың негізгі белесі ретінде студенттің 1 курс қорытындысы бойынша үлгерімі болды.

onlain-oqu30-min

«Ағымдағы карантиндік шектеулерді ескере отырып, студенттер қашықтықтан оқыту қызметтерін пайдалану арқылы оқытылуда. Оқу процесі белгіленген күндері үзіліссіз өтеді. Барлық пәндер бойынша конспектілер мен тапсырмаларды студенттердің электронды поштасына жібереміз» дейді әскери кафедра бастығы запастағы подполковник Серік Абсаматов.

Бүгінгі күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында, болашақ запастағы офицерлер «біріккен қару-жарақ бөлімдерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану», «аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», әскерлерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» мамандықтарымен оқытылып келеді.

jattigu30-min

Әскери кафедраның кабинеттері барлық қажетті оқу-әдістемелік, техникалық оқу құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, білім беру мекемесінде қару-жарақ сақтайтын бөлме және атыс жаттығулары дағдыларын жетілдірілуге арналған интерактивті ату алаңы бар.

Сондай-ақ, жастардың бастамаларын дамыту және қолдау, ұлттық әскери өнер тарихын игеру және жастарды Қарулы Күштерде қызмет етуге дайындау үшін әскери кафедраның базасында «Сармат» әскери-патриоттық клубы жұмыс істеп келуде.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі

Байланыс: +7-777-641-11-72

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика