Бос орынға кандидат ұсынылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIХ конференциясы өтті.

Конференцияға саяси бюро кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, округтер әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының және БАҚ өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиев ашып, жүргізген конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы бос тұрған №10 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде аудан аумағында бірнеше қызметте өзінің іскерлігімен, жауапкершілігімен танылған, партияның кадрлар резервінде тұрған, бүгіндері «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында директорлық қызмет атқаратын Нұрым Бекежанұлы Мусиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұдан кейін делегаттарға ұсынылған үміткердің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сайлау округінің, кәсіпкерлердің өкілдері және «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының Құрметті депутаты», партия ардагері Ж.Қадимов ұсынылған үміткер жөнінде қолдау пікірлерін білдіріп, сәттілік тіледі. Соңында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясына делегаттар ұсынылды.

Аяпберген САЛИХОВ

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521