Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді.
Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түсіп қалған. Туған-туысы жоқ — балалық шағы балалар үйінде өткен.
«Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын, – дейді ол. – Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді».
Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.


