БҚО-да білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдында сыбайлас жемқорлық үшін күдікке ілінген Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің басшысы А.Б.Сапаровқа қатысты тергеу жүргізді, - деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол орындалған жұмыстың актісіне қол қоюы үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 960 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермеледі және алаяқтыққа барды деп күдікке ілінді" делінген хабарламада.

Биыл 21 қаңтарда Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен Сапаров алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT