ҰБТ-ға қатыспағандар ұмыт қалмауы керек

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде «Аққыстау» бастауыш партия ұйымының кезекті жалпы жиналысы өтті.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғаділ Боранбаев төрағалық еткен жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова, саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Аманжол Рахметов және партия мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларын түсіндіру, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі бо-йынша аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, Астананың 20 жылдығы, «Аққыстау» бастауыш партия ұйымының I жарты жылдықта атқарған жұмысының есебі, т.б. мәселелер қаралды.

Алғашқы сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова партияның жаңа жобалары жайында хабарлама жасады. Одан соң мінберге көтерілген саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі бойынша аудан өңірінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бүгінгі таңда баспанаға мұқтаж азаматтарды мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын атап өткен саяси кеңес мүшесі білім беру саласы жайына да тоқталды. Сондай-ақ, ол ауданда биылғы жылы 100 орындық жатақханасымен 320 орындық кәсіптік лицей құрылысының жұмыстары қолға алынып жатқандығын, мемлекеттік және салалық қолдау бағдарламалары арқылы, оның ішінде, «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» бағдарламасымен мал шаруашылығын дамыту бағытында алынған несиелер көлемін айтып өтті.

Астананың 20 жылдығына орай партия және еңбек ардагері Аяпберген Мұханбетов соңғы жылдарда елордадағы елеулі өзгерістер мен бас қаланың басты оқиғалары төңірегінде баяндама жасады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде «Аққыстау» бастауыш партия ұйымының биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы шолу жасаған бас-тауыш партия ұйымының төрағасы Ғаділ Боранбаев білім сапасы жөнінде де тоқталып өткен. Осы орайда оған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған немесе қатыса отырып, шекті деңгейдегі балды жинай алмаған оқушылармен жұмыс жасауды көздейтін «Сәтті қадам» жобасы төңірегінде ұсыныс-пікірін білдірді. - Шекті ұпайды жинай алмағандар қыркүйек айына дейін тағы да бағын сынап көреді, болмаса, колледждерге оқуға түседі. Ал, қалған жас-тар ауылда бос қалмауы қажет, - деген ол аталған түлектерді жұмысқа орналастыру немесе арнаулы курстарға жіберуді ұйымдастыру керектігін айтты. Бастауыш партия ұйымы төрағасының айтуынша, округ бойынша 38 түлектің жинаған ұпайлары шекті деңгейге жетпеген, ал, ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем қатыспағандардың саны – 17 бала. - Қалай болғанда да ауыл жастарының жұмыссыз бос жүрмеулерін қадағалайтын боламыз, - деген баяндамашы биылғы білім сапасының төмендігі себебін де саралап, анықтайтындықтарын жеткізді.

Жиын соңында мерекелік Алғыс хаттар мен жаңа нұротандықтарға партия билеттері табысталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521