Бүгін Исатай ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылды

Бүгін Аққыстау ауылының орталығынан «Ақжан» дүкені ашылды.

Дүкенде негізінен киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар т.б. тауарлар сатылады. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Исатай ауданы бойынша филиалының директоры Нұрым Мусин арнайы келіп, жаңа нысанның лентасын қиып, кәсіпкерге ізгі тілектерін білдірді.

whatsapp-image-2021-10-04-at-16_30_19

Жеке кәсіпкер, көпбалалы ана Ақмарал Тақаева сауда жасауды үш жыл бұрын шағын бутиктен бастаған. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді көздеген кәсіпкер ғимарат сатып алып, Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан бизнесті жүргізу үшін айналым қорын толықтыруға 6 млн. теңге төмен пайызбен несие алған. Кәсіпкер қазірдің өзінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

whatsapp-image-2021-10-04-at-16_30_19-2

whatsapp-image-2021-10-04-at-16_30_19-3

-Сапасына қарай тауарлардың бағалары да әртүрлі, тауарларымыз негізінен Алматыдан, Түркиядан келеді. Банк карталары арқылы төлем жасауға мүмкіндік қарастырылған. Халық банкпен келісімшартқа отырдым, жуық арада банк арқылы бөліп төлеу қызметін қосамыз және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға жеңілдіктер жасау жоспарымызда бар,-дейді кәсіпкер.

 

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT