banner_damu

Бұл жолғы сайлау билік пен халық арасындағы сенімді көрсетпек

25 шілдеде болатын сайлаудың еліміз үшін маңызы зор. Халық болып алғаш рет ауылымыздың әкімін сайлаймыз. Дайындық бірқалыппен жүріп жатыр.

Сайлауға 22 үміткерден ұсыныс келді, оның ішінде қазіргі уақытта 16 үміткер қалды. 4 үміткер "Нұр Отан" партиясынан, 1 үміткер "Адал" партиясынан, қалған 11 үміткер өзін-өзі ұсынушылар. Барлық үміткерлерде үгіт насихаттарын күнтізбелік жоспарға сай жүргізіп жатыр. 23 шілде күні түнгі 00:00 де үгіт насихат жүргізу аяқталады.

Аудан бойынша 6 округте сайлау өткізіледі. Оның ішінде 2 округке 2 үміткер, 4 округке 3 үміткерден тіркелді. 9 учаскелік сайлау бөлімдері бар, олар өз қызметтерін халыққа көрсетеді.

Сайлауға 9145 сайлаушы қатысады. Халықтың сайлауға көзқарастары оң. Өздері дауыс беріп сайлайтын болғандықтан барлығы бірігіп қолдауларын білдіруде. Халық пен билік арасындағы жақындастықтың болатынына аудан тұрғындары риза. Сондықтан әділ сайлау болады деп есептеймін. Халық қолдап, өз дауыстарын берсе, болашақта атқарылатын жұмыстарды бірлесе жасайтынымыз анық.

Болат Бралиев,

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика