Былтыр Атырауда 27 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

 

Көгалдандыру жұмыстары облыс әкімдігі мен өңірдегі ірі мұнай-газ кәсіпорындары арасында жасалған келісімшарт аясында жүзеге асырылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Бұл меморандум 2021 жылы қабылданған. Содан бері жасыл желек көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазір отырғызылған көшеттердің сақталу деңгейі 70-80 пайызды құрайды.

2021 жылдан бастап жобаға төрт ірі кәсіпорын тартылып, 5-10 жыл мерзімге ағаш отырғызу және оларды тұрақты күтіп-баптау міндеттемесі бекітілген. Осы уақыт аралығында 300-ден астам гектар аумаққа 331 мың түп ағаш көшеті егілді.

Көгалдандыру шаралары Мақат, Жылыой, Исатай және Қызылқоға аудандарында да жүргізілді.

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Зарина Тұрбаева 2026 жылы көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру үшін жаңа компаниялармен меморандум жасалатынын мәлімдеді.

Жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрақты дамуына бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT