Былтыр облыста туу көрсеткіші 10 пайызға артқан

«Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Отырыста басқарма басшысы облыстық перзентхананың бүгінгі жай-күйін баяндады.

db83765f-b6db-480c-8f0a-b20ff2fd4d9e

«2020 жылмен салыстырғанда перинаталдық орталыққа жүктеменің артқаны байқалады. Мәселен, емделу көрсеткіші 11,3%-ға, босану-10,4% - ға, оның ішінде мерзімінен бұрын босану 10,3% - ға өсті»,-деді ол.

Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, жалпы, соңғы 3 жылда перинаталдық орталық үшін құрал-жабдықтар сатып алуға қаржыландыру артқан. Айталық, 2021 жылы жергілікті бюджеттен 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы бөлінген.
Сондай-ақ, басқарма басшысы заманауи көліктік кювез сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ол жаңа туған нәрестелерді перинаталдық орталыққа жеткізу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өкпені жасанды желдету құралдары бар.

a346338b-6264-426e-a412-0b6029a50e75

Жиын соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

«Облыстық перинаталдық орталық жөндеу жұмыстары кезінде №2 облыстық ауруханасының модульдік корпусына ауыстыру мәселесі мұқият қаралсын. Облыстағы ірі стационарларда микробиологиялық зертханаларды ашу мәселесін шешіңіздер», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, аймақ бойынша жүкті әйелдердің 53 пайызы облыстық перинаталдық орталықта босанады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT