Cот ісі электронды форматқа көшiрiлдi

Елімізде сот ісін электронды жүргізу әдісі енгізілді.

Енді азаматтар істердің қорытындыларын соттың сайтынан қарап, таныса алады. Бұл жөнінде жоғарғы соттың судьясы Абай Рахметуллин айтты.

Сот жүйесінде қандай да бір өзгерістер орын алатын болса, ресми хат жолдаудың қажеті жоқ. Өйткені сайтта барлық ақпарат болады. Сонымен қатар Жоғарғы сот 17 заң жобасын әзірлеп, оның 9-ы қабылданды. Алдағы уақытта судьяларды жұмысқа қабылдамастан бұрын қатаң іректеу де жүргізіледі. Енді төрағалардың басшылық қызметтегі жұмыстарының мерзімдері де шектелуі мүмкін.

Абай Рахметуллин, Жоғарғы сот судьясы:

- Судьялар корпусына талап күшейтілді. Айти технологиялар енгізілді. Адамдармен ыңғайлы сот сервистер жұмысқа қосылды. Және инвестициолог сот ісін жүргізу құрылды. Сот академиясы құрылып жұмыс жасап келе жатыр.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT