Covid-19 вакцинасын алған Атырау тұрғындарына сыйлықтар беріледі

«Дина» базарының басшылығы осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Дина» базарындағы вакцинация орнында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған барлық азаматтарға сыйлықтар беріледі. Мақсат ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

whatsapp-image-2021-06-17-at-12_05_07

«Дина» базары шағын және орта бизнес субъектілері атынан осындай бастаманы бірінші болып ұсынды.

- Біз базардың вакцинация пунктінде екпе алған әрбір адамға сыйлық беруді шештік. Пандемия әлі аяқталған жоқ, вирус бар және қауіпті, бірақ біз тұрғындар ,кейде қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеміз. Сондықтан біз ұжыммен бірге халықты вакцинациялауға шақырып, бастама көтердік, - деді Базар әкімшісі Баян Райымқұлқызы.

whatsapp-image-2021-06-17-at-12_05_08-1

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күзге қарай вакцинацияланғандар арасында тұрмыстық техниканың ұтыс ойынын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жақын арада басқа сауда орталықтарының иелері де вакцина алғандарға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521