Жазғы уақыт та басталды. Жаз – шаруаның айы, тіршіліктің қызулы бір шағы десек те, оның өзіндік қауіп-қатері де аз емес. Соның бірі – жазғы дала өрттері болып отыр.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевпен бекітілген 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге арналған жоспарын орындау, дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында Қамысқала және Тұщықұдық ауылдық округтерінде құрылған ерікті өртке қарсы жасақтың оқу-жаттығу жиыны өтті. 21-ші маусым күні Х.Ерғалиев ауылы тұсындағы «Атырау – Орал - Атырау» тасжолы бойындағы 11 шақырымында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығу жиынына Қамысқала ауылдық округі әкім аппаратының 10 ерікті жасағы 1 трактор, 1 «Нива» автокөлігі,Тұщықұдық ауылдық округінің 10 ерікті жасағы 1-көлік, Қамысқала дәрігерлік амбулаториясының 1- көлік, Қамысқала ауылдық ветеринариясының 1- көлік Ғ.Мәсәлімов орта мектебінің 1- көлік, жеке кәсіпкер ИП Ерғалиева 1- көлікпен қамтамасыз етті.
-Шара кезінде жасанды өрт ошағы ұйымдастырылып, оған арнайы дайындықпен келген өрт сөндіру жасақтары мен аудандық өрт сөндіру техникалары жұмылдырылып, өрт ауыздықталды. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Абдуллин, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдай бойынша арнайы маманы Нұрасбек Бозбалиев қатысты.
Жаздың ыстық айларының басталуына байланысты дала өртінің орын алу ықтималдығы бірте-бірте артатыны белгілі. Сондықтан қандай да болсын, дала өрттері орын алған жағдайда, оны жоюға әзір болуымыз қажет-ақ. Сол үшін барлық сақтық шараларын қолға алып, аудандағы әр ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақшылары ұдайы дайындықта (керекті құрал жабдықтармен, техникалармен) болуларын ескертеміз,-деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.
Жұлдыз СЕМБИЕВА