Дамудың діңгегіндегі құрт

Қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатыны анық. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Оның жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық.

Парақорлық – мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.  Мұның жолын кесу үшін, біріші кезекте, пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жоюға қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Бұл келеңсіз құбылыспен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау  немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы екенін бәріміз ойда ұстауымыз керек. Елімізде жемқорлыққа қарсы нормативтік құжаттар талабының аясында нәтижелі іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда екендігін біз, оқушыларда естіп, оқып жүрміз. Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емесін де түсінеміз.

2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің» жаңа тәсілдерін енгізуді айрықша атап көрсеткен болатын. Егер қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, бұл дерек расталса, басшысы міндетті түрде лауазымды қызметінен кетеді. Ал, жемқорлық жасаған адам сотталса, мерзімінен бұрын босатылмайды. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында, кейін барлық өңірде құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мәні зор. Бұл мемлекеттік бюджетке қол сұқпау, тұрмыстық жемқорлықты болдырмауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік дамуына үлкен кедергі екендігі жиі айтылады. Ендеше бұл кеселді жою үшін қоғамда оған қарсы мәдениет қалыптастырып, барлық салада анықтық болуы керек деп оййлаймын. Бұл ел ертеңі – жастарға да зор әсер етеріне сөз жоқ.

Дильназ АЯПБЕРГЕН,

Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521