№133 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.
Жалпы, дауыс беруге тіркелген азаматтар саны - 1257.
Аққыстаулық тұрғын Самат Есенов:
- Бүгінгі сайлауға отбасыммен бірге келіп дауыс бердім. Өйткені, Ата заңға енгелі жатқан өзгерістер елдің болашағы үшін дұрыс шешім деп ойлаймын. Әсіресе, еліміздің қазба байлықтарына шет мемлекеттердің қол сұға алмайтындығы туралы өзгерістер өз басыма қатты ұнады. Әрбір Қазақстан азаматы бұған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек, - деді.