Исатай ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің қатары артуда. №133 сайлау учаскесіне келген Исатай ауданының Құрметті азаматы Боранбай Халидуллин өз таңдауын жасады.
- Біз, жаңа Қазақстанды құруға арналған елдегі маңызды оқиғаға үлес қосуға келдік. Жаңа Қазақстанды құруға бәріміз де атсалысуымыз керек. Сондықтан мен өз таңдауымды жасадым, - дейді ол.