Декларация тапсыру уақытын өткізіп алмайық!

Исатай аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы декларация тапсырушы азаматтардың декларацияларын уақтылы тапсыруы керектігін ескертеді.

ҚР Салық Кодексінің 364-бабына сәйкес, кірістер мен мүлкі туралы декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

Барлық мемлекеттік қызметкерлер жұбайларымен 2019 жыл үшін жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын (230.00 нысан) тұрғылықты жері бойынша осы 2020 жылдың 31 наурызына дейін тапсыруы тиіс. Декларацияны халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған жеке электрондық кілт арқылы электронды түрде жіберу мүмкіндігі бар. Декларация тапсыру ғаламтор желісіне қосылған компьютер арқылы ешқайда бармай-ақ жүзеге асатынын хабарлайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық декларация тапсырушыларға жауапкершілікпен қарап, декларация тапсыру уақытын өткізіп алмауды ескертеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының 2-14-04, 2-02-35 телефондары арқылы хабарласып, мәлімет алуға болады.

Ренат Ғизатолла,

Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521