Демалыс аймақтарының жұмысына шектеу қойылады – ІІМ

Қазақстанда демалыс аймақтарының жұмысына шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, тіпті үй жағдайында азаматтар көптеп жиналып, мерекелік, бата оқу жиындарын өткізіп келеді. Әзірге мұндай 48 факті тіркелді. Әсіресе Атырау (14) мен Шымкент (11) қалаларында заңбұзушылықтар көп. Осыған байланысты қауіпті инфекциялық ауруды таратпау мақсатында демалыс аймақтарының жұмысына да шектеу енгізіледі. Сондықтан ел тұрғындарына мұның қауіпсіздік үшін қажетті шара екенін айтқым келеді» деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министр коронавирус инфекциясын жеңген мемлекеттерде бірінші орында – азаматтардың өзіндік тәртібі тұрғанын атап өтті.

«Әрқайсысымыз қауіпсіздік шараларын сақтап жүрсек, еліміздің эпидемиологиялық жағдайы да жақсарады. Бұл - өзіміз бен жақындарымыздың өмірі үшін маңызды» деді А.Калайчиди.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521