Әдеп Кодексін сақтау-мемлекеттік қызметшінің міндеті

0 votes

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы -қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөніндегі негізгі талаптар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 8-тарауында бекітілген. Ал әдептілік мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінде бекітілген. 

Қолданыстағы мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметкер қоғаммен жұмыс жасайтындықтан әдептілік пен жауаптылық басты бағдары болуы тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, анық әрі түсінікті, жүйелі сөйлей білу-қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этикет жүйелеріне жатады. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғамдағы орны, мемлекеттік қызметшілердің келбеті мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін ұлғайту қажеттілігі көрініс тапқан.

 Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі 6 қағидатқа негізделген. 

Адал ниеттілік –қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету

Адалдық –өз міндеттеріне шынайы көзқарас

Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың , қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету

Сыпайлық-азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау

Клиентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттру және жолданымдарды қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады.

Сонымен қатар қызметкерлердің мемлекеттік саясатты ұстануы ,ашықтық, клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдық берілген. Яғни мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нақты талап қойылып отыр. 

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері, қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестермен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары.

Мәселен , мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті. Сонымен бірге , азаматтармен қарым –қатынаста әдептілік танытуы, дөрекелік , қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс. 

Әдеп Кодексіне сәйкес , мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қарым-қатынаста ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынаста ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және оны нығайтуға ықпал етеді.

Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлкеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Исатай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметкерлері арасында қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар өткізіледі. 

 Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершігі мен міндеті болып саналады. Халық тарапынан сынға ұшырамау үшін әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын сақтауы керек. Оның тұлғасы қоғамға үлгі болуы керек. 

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT