Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының 12 қадамын жүзеге асыру мақсатында республика көлемінде әрбір мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс атқаруда.

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау, түсіндірме жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек беру, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға жәрдемдесу, қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік органның басшылығына құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдарды енгізу, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Осындай өзіне жүктелген қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызмет саласының оң имиджде дамуына, мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қосары сөзсіз. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілермен, тұрғындармен кездесулер, семинар-дәрістер, жеке қабылдаулар өткізілуде.

Сонымен қатар, ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама ұйымдастырылып, талдау жүргізіледі. Жалпы, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі - мемлекеттік қызметтің дамуына оң әсерін беретін жауапкершілігі жоғары, жүгі ауыр қызмет. Әрбір әдеп жөніндегі уәкіл сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындауы қажет. Сонда ғана, біз мемлекеттік қызметтік оң имиджін қалыптастыра аламыз.

Г. ДОСЫМОВА,

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті» РММ әдеп жөніндегі уәкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT