Дерматомикоздың алдын - алу туралы

Дерматомикоз – саңырауқұлақ инфекциясы болып табылады. Бұл тері ауруын адам денесінде паразиттік ететін саңырауқұлақтар тудырады. Саңырауқұлақтар теріге тілімдер және ашық жаралар арқылы еркін енеді. Осы саңырауқұлақ ауруы зақымдалған дене бөлігін деформацияға әкеледі.Көбінесе аяқ пен қол білегі зардап шегеді.  Бұдан басқа бұл ауруға тән белгілердің бірі шаш құрылымының өзгеруі және оның түсуі, сондай-ақ тері жабындысының жарықшақтануы болып табылады. Ылғалдылығы жоғары жерлер саңыраулықтың көбейі үшін қолайлы орта. Сол себепті онымен көбінесе  жиі терлейтін  аяқ табандары зақымдалады.

 

Науқас адаммен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру мысықтан, иттен және басқа жануарлардан жұқтырады. Көп жағдайда науқаспен байланыс жасағанда немесе зақымдалған заттарын пайдаланғанда: аяқ киім, монша кілемдері, сүлгі арқылы жұқтырады. Статистикалық мәлімет бойынша науқастар көбінесе ортақ бассейндер, сауналар, спортзалдарда жұқтырғаны белгілі болып отыр.

 

Саңырауқұлақ ауруларының белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет. Микоздың емдеуі, олардың жіктелуіне қарамастан, дәрігердің қатаң қадағалаумен жүзеге асырылуы тиіс. Егер отбасы мүшелерінің біреуі дерматомикозбен ауырған жағдайда жеке бас гигеналық ережелерді қатан сақтау керек.

 

Жас ерекшеліктері бойынша көбінесе балалар жұқтыруға бейім келеді. Сондықтан балаларды ерте жастан дене және үй тазалығын сақтауға үйрету қажет.  Балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға бұралқы мысықтар мен иттерді ұстауға тыйым салыңыз!

 

Дерматомикозбен күрес ерте диагностикалаудан, науқастарды уақтылы оқшаулаудан және оларды тиімді емдеумен, жұқтыру көздерін анықтаудан, олардың одан әрі таралуын болдырмаудан және анықталған ошақты зарарсыздандырудан тұрады. Аурудың әрбір жағдайында ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

 

Сіз дәрігерге тез арада жүгінсеңіз, соғұрлым саңырауқұлақ ауруларының ауыр түрлерінің пайда болуы мүмкіндіктерін азайтатыныңызды есіңізден шығармаңыз !

 

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521