«Әділ еңбекақы мен еңбек адамын қорғау – жаңа Конституцияның басымдығы»

 

Еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер саласындағы нақты өзгерістер туралы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының мүшелері «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС ұжымымен кездесу барысында кеңінен талқылады. Әңгіме өзегінде абстрактілі нормалар емес, нақты тетіктер болды: әділ еңбекақы қалай қамтамасыз етіледі, өндірістегі қауіпсіздік қалай кепілдендіріледі және еңбек дауларын шешу жүйесі қалай жетілдіріледі.

Диалог барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен еңбек саласындағы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Әділ еңбекақы қағидатының Негізгі заң деңгейінде бекітілуі оның міндеттілігін күшейтетіні, ал қауіпсіз еңбек жағдайына деген құқықтың құқықтық кепілдіктері нақтыланатыны атап өтілді. Сондай-ақ негізсіз жұмыстан босатудан қорғау тетіктері мен еңбек дауларын қарау тәртібіне ерекше назар аударылды.

«Бүгін еңбек адамы өзін шын мәнінде қорғалған сезінуі тиіс, бұл тек құжат жүзіндегі норма болып қалмауы керек. Жаңа Конституция әділ еңбекақы, қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау кепілдіктерін күшейтеді. Бұл – жұмысшы мүддесі мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып, оның еңбегі мойындалған құндылық ретінде бағаланады деген сөз», – деп атап өтті Коалиция мүшесі Қанат Айтбаев.

Талқылауға оның әріптестері Болат Қожахметов пен Ақ-Ләйлек Жаукина да қатысты. Олар еңбек адамының мәртебесін арттыру және әлеуметтік кепілдіктерді нығайту реформалардың негізгі бағыттарының бірі екенін, бұл қоғамның әділдікке деген сұранысымен үндесетінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT