Доллар қымбаттап барады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 тамыз кешімен салыстырғанда 1,03 өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 426,59 теңге болды. Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425,57 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,01 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,59 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,36 теңге.

inform.kz



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT