Домбырашы жігіт ресейліктерді таңғалдырды

Астрахандық домбырашы Нұрсұлтан Сарыев Чебоксарыдағы «Ұлттық игілік - 2018» IX халықаралық байқауда лауреат атанды.

Байқауға Ресейдің жиырма өңірінен, сондай-ақ Германия, Тайланд, Қазақстаннан екі мыңнан астам адам қатысты.

Оған көзі нашар көретін астрахандық музыкант та қатысқан болатын. «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша бағын сынаған Н.Сарыев сайыста Құрманғазының күйлерін тартып, өз наминациясы бойынша қырық музыкантты басып озды.

Гнесиндер атындағы Ресей музыка Академиясы ішекті халық аспаптары кафедрасының доценті Инна Гунина бастаған қазылар алқасы астрахандық музыканттың өнеріне жоғары баға берді. Оған кубок, жеңімпаз дипломы және I дәрежедегі лауреат дипломы табыс етілді.

Нұрсұлтан Сарыев Астрахандағы көзі нашар көретін мүгедектерді әлеуметтік-мәдени сауықтыру орталығы-кітапханасының көркемөнерпаздар мүшесі.

Орысшадан аударған Аяпберген САЛИХОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521