Достық пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің Алматыдағы бейресми кездесуі – бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жарқын көрінісі. Мемлекет басшыларының екіжақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен даму жолдарын талқылау мәселелеріне ерекше мән беруі – елдеріміздің ортақ мүддеге негізделген стратегиялық байланысының айғағы.

Сонымен қатар, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтуге тұрарлық. Президенттер AlmatyFair AI көрмесінде жаңа технологиялық шешімдермен танысып, осы бағыттағы серпінді бастамаларды қолдау қажеттігін көрсетті. Мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру, ұлттық экономиканы дамыту және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау – Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен қадамдарының айқын бағыты.

Жасанды интеллектті дамытуға арналған Alemai халықаралық орталығы мен Central Asian Innovation Hubs бастамалары – өңірлік технологиялық серпілістің негізін қалаушы жобалар. Бұл – білім, ғылым және стартап экожүйесінің дамуына тың серпін беретін маңызды бастамалар.

Осы кездесудің нәтижесі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге шығарып, жасанды интеллект пен инновация саласындағы әріптестікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Едіге ДОСҚАЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT