«Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді» деп хабарлайды «Хабар 24».
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетітінің мәліметіне сай олар таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүкендер, супермаркет пен базарларда санитарлық нормалар күшейеді. Мәселен, нан және өзге де азық-түлік тауарлары енді арнайы қапта не болмаса целлофанмен оралып сатылады. Ал ойын-сауық орталықтарында кинотеатр, балалар орталығы сияқты көңіл-көтеру орындары жабылады.
Сурет: ашық дереккөзден