Тергеу саласын таңдаған қос бауыр Дулат, Думан Нұрмұханбетовтер - Атырау облысы, Исатай ауданының тумасы.
Олар 2016 жылы Қарағанды қаласы, Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, 2020 жылы лейтенант шенімен қиын да төзімділікті қажет ететін қызметке аяқ басты.
Қарағанды академиясын бітіре сала, қос бауыр екі ауданда, яғни Дулат Нұрмұханбетов Мақат ауданы полиция бөлімінде, Думан Нұрмұханбетов Исатай ауданы полиция бөлімінде тергеуші қызметтерін бастады.
- Әкем Болат Дәуітов ішкі істер органдарында 25 жыл адал қызмет атқарған, қазір зейнеткерлік демалыста. Сол кісіден үлгі алып, әке жолын қуу арманымыз еді. Жұмыс үлкен жауапкершілікті, төзімділікті қажет еткендіктен, тәлімгерлерден барынша жан-жақты үйреніп жатырмыз. Думан екеуіміз екі бөлек бөлімде қызмет атқарсақ та, жұмыс барысымен қалаға келген кезде әріптестеріміз бізді ажырата алмай қалған кездер болды. Әйтсе де, ұқсастығымыз жұмысымызға еш кедергі келтірген емес. Қазір мен іссапар бойынша Атырау облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасында қызмет атқарып жатырмын. Жаңа заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес күрделі істерді қалай тергеу қажеттігін үйретіп жатыр. Жол көлік оқиғаларына барып, қарап-тексеру тергеу әрекетіне де қатысып үлгердім. Жалпы атқарып жатқан қызметіміз өзімізге ұнайды. Думан екеуіміз бір-бірімізге көмектесіп, білгенімізді үйретіп жатамыз. Алға қойған мақсатымыз - әулетімізге мақтан тұтар ұлдары болумен қатар, еліміздің кауіпсіздігін қамтамыз етуіне үлкен үлесімізді қосып, абыройлы ағалы-інілі тергеушілер атану, - деп бөлісті ойымен Дулат Нұрмұханбетов.
Атырау облысы Полиция Департаменті Анықтау басқармасы