Дәурен Әбен: АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді

0 votes

Бөлім басшысының сөзінше, бұл мәселеде мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті АЭС салу емес, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету екенін түсіну маңызды.

Осы міндеттің өзектілігі көршілес елдерден электр энергиясын қымбат бағаға сатып алу есебінен жабылатын ел экономикасы мен халқының энергияға сұранысының артуынан пайда болған электр қуатының жетіспеуімен, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған генерация нысандары мен электр желілерінің әбден тозуымен байланысты. Энергетика саласы мамандарының пікірінше, атом энергетикасы бірқатар объективті факторлардың, сұранысының артуынан пайда болған электр қуатының жетіспеуімен, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған генерация нысандары мен электр желілерінің әбден тозуымен байланысты. Энергетика саласы мамандарының пікірінше, атом энергетикасы бірқатар объективті факторлардың, соның ішінде ауа райына тәуелді болмауы арқасында, бүгінгі күні дәстүрлі сарқылатын энергия көздеріне жалғыз ұзақ мерзімді және тұрақты балама болып қала береді. Сондықтан отандық энергия өндіру қуатын кеңейту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үкімет АЭС салуды таңдап отыр, - деді Дәурен Әбен.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орнатылған энергия шығаратын нысандардың 80%-дан астамы қазба отынмен жұмыс істейді. Ал электр энергиясының 70%-дан астамы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларында өндіріледі.

 

Мұндай станциялар парниктік газдардың, оның ішінде ауыр металдар мен радионуклидтердің, көп мөлшерін атмосфераға шығаратыны айтпаса да түсінікті. Нәтижесінде Қазақстан жалпы ішкі өнім бірлігіне келетін парниктік газдар шығарындылары бойынша әлемде алғашқы орындарда тұр. Көмірқышқыл газды мейлінше аз шығарып энергия өндіретін АЭС құрылысы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және біздің елімізге көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға көмектеседі. Сонымен қатар АЭС арқылы энергия көздерін әртараптандыру елдің өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады: жоғары технологиялық салаларды, оның ішінде қосылған құны жоғары ядролық өнімдерді өндіруді, және ядролық медицина сияқты салалардағы зерттеулер мен инновацияларды дамытуға мүмкіндік туғызады, - деді бөлім басшысы».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521