Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану.

Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Ол үшін дұрыс тамақтану ережелерін білген дұрыс.  тойып тамақтанбау, тамақтану режимін сақтап, жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдау және таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында дәрумендер (тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

4. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану – адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек қан-тамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді, ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігін сақтап, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Орынбек ЗИРЕК, 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT