Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі кадрлар бөлімшесінің аға офицері майор Махмутова Алуа және тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімшесінің қызметкері сержант Дощанова Нургул Атырау қалассы мен аудандарындағы мектептерді аралап, болашақ жас мамандарға патриот болуды, және шекара қызметінің академиясы мен қоса көрші Ресей еліне оқуға да мүмкіндік бар екендігін айтып берді.
Шекара академиясына оқуға түсу үшін мынандай талаптар орындалуы шарт болып табылады. Ұлттық біріңғай тесттілеуден кем дегенде 50 балдан жоғары болуы керек. ҰБТ - дегі 5 пән қарастырылады. Оларға 1 оқу сауаттылығы, 2 математика, 3 Қазақстан тарихы және талапкер таңдаған екі пән қосылады.
Емтихан барысында 50 балдан жоғары алған оқушылар арнайы конкурска өткізіледі. Ол жерде талапкерлерге 4 бағыт бойынша сынық беріледі. Оларға: 1 эссе жазу (350 сөз), 2 Адам, қоғам және құқық 3 дене шынықтыру, 4 қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру (3000 метр және 100 метр), 5 психолог маманмен әңгімелесу.
Міне осындай тапсырмалардан сүрінбей өткен талапкер Алматы қаласындағы Шекара академиясына оқуға түседі. Оқу барысында жатын орынмен тамақтану, киім – кешек сынды материалдық жағдайлар мемлекет қаражатынан қамтамасыз етіледі. Қызығушылық танытқан жас өрендер біршама болды. Оларға жинайтын арнайы құжаттардың тізімі бар бланктар берілді. Қосымша сұрақтар бойынша Атырау қаласы, Жалаңтөс батыр 21. Байланыс телефоны: 8 701 922 92 11
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауларының бірінде болашақ мамандық таңдайтын өрендерге «Қазақстан елі, әлемдік сахнада Мәңгілік ел атануды көздейді. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет тарапынан еліміздің азаматтарына үлкен қолдаулар мен мүмкіншіліктер жасалып жатыр» деп айтқаны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің ертеңі — жастардың қолында деп сенім білдіріп, оларға қолдау көрсетуі, көреген саясаткерге ғана тән қасиет деп ойлаймын.
Сөз соңында Хосе Хулиан Мартидің «Ең қиын мамандық — адам болып қалу» деген сөзін айта келіп, ал, адам болып қалу үшін Абай атамыз айтқан 5 асыл істі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» мәңгі жадымызға түйіп жүруіміз қажет деп аяқтағым келеді.
Өмірбат АЙТӘЛІ,
ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментінің
ақпарат бөлімінің офицері, аға лейтенант