Еңбектің еленген сәті

Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан уақыт ағысында біз өмір сүріп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаждығы жиі байқалады.

Мұны, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар өмірінен анық аңдаймыз. Сондай жандармен жұмыс жасап, олардың мұң-мұқтажын қанағаттандыру жолында тер төгіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі де еленуге тұрарлық. Ал, оның бір елеп-екшелер сәті Елбасы Жарлығымен бекітілген кәсіби мерекелері – қазанның соңғы жексенбісінде аталып өтетін әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні.

Биылғы жылы 28 қазанға тура келген бұл бәсірелі күн атаусыз қалмады. Яғни, еленуге тұрарлық еңбектің ерекше танылған тұсы осы болды. Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында ұйымдастырылған мерекелік шараға ауылдық округтердегі әлеуметтік қызметкерлер, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мамандары, сала ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жиналды.

Салтанатты шарада оған қатысқан аудан әкімі М.Мурзиев, аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев, сала ардагері Е.Жұмажанов баршаны мерейлі мерекемен құттықтап, ең ізгі тілектерін арнады. Еңбегімен танылып жүрген мереке иелерінің бір тобы облыс, аудан әкімдерінің, облыстық, аудандық мәслихаттардың алғыс хаттарымен марапатталып, оны аудан басшысы мен аудандық мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда табыстады. Құшақтары гүлге толған мереке иелерінің құрметіне ән де шырқалды.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика