E-qyzmet - мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі

(0 Votes)

Елімізді мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйеде барлық процесстер автоматтандырылды және үміткер өзіне ыңғайлы уақытта конкурстарға онлайн қатыса алады.
Жаңа іріктеу жүйесінің артықшылықтары:

-    Үміткер конкурстарға онлайн қатыса алады;

-    Заңнама саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды;

-    «Адами факторлар» барынша азайды;

-    «Тәуелсіз прокторинг» жүйесі енгізілді.

Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде дербес деректерді құпия сақтау және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында үміткерлерге ID нөмір беріледі. 

Конкурстарға қатысу үшін E-qyzmet сайтында тіркеліп, қажетті ақпаратты енгізу қажет.

Мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін қайта келетін азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтуге тиіс.

Жаңа іріктеу жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады. 

1-кезең. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу

2-кезең. Мәтінмен және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау

Басшылық лауазымдарға орналасуға үміткерлер үшін мемлекеттік органның өтініші бойынша қосымша кезең эссе жазу қарастырылған.

Ең жоғары балл жинаған 3 қатысушы финалдық кезеңге бейнебайланыс арқылы өтетін сұхбатқа жіберіледі. 

Іріктеудің барлық кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған кандидат жеңімпаз атанып, бос лауазымға орналасу мүмкіндігіне ие болады. 

E-qyzmet мемлекеттік қызметке онлайн орналасу мүмкіндігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT