Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударылды.
Жаңа жолдаудағы инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу бағыты бойынша айтылған түйінді ойлар ерекше әсер етті. Мәселен, Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Енді жылдар бойы жол азабын көрген халық осы нәтиженің жемісін көрмек.
Сонымен қатар, Президент қоғамның басты тірегі болып табылатын еңбек адамдарына, олардың елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысшы мамандықтарын ұлықтауға ерекше мән беруді тапсырды. Яғни, 2025 жылы жұмысшы мамандықтарының ерекше жылы ретінде аталып өтуі жоспарланып отыр. Президенттің бұл бастамалары ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, еңбекқорлық пен кәсібилікті қоғамның негізгі бағдарына айналдыруға бағытталған. Бұл қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, жастар арасында кәсіби техникалық білім алуға ынталандыру мақсатында жасалып отырған маңызды қадам. Қоғамға белгілі кәсіптердің маңыздылығын жеткізіп, еңбек адамдарын ұлықтау тек олардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, жалпы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуында шешуші рөл атқаратынын көрсетуі тиіс. Тағы бір ерекше назар аударатын шешім «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы
Президент ұсынған жаңа құрметті атақтар арасында болған. Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасының басты салаларының бірі болып табылады. Аграрлық секторда адал еңбек етіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтарға бұл атақты беру оларға деген лайықты құрметті көрсетер еді.
О.Мырзабаев,
Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.