Еңбек адамын дәріптеу – қоғам дамуының өзегі

 

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еліміздің барлық өңірінде еңбек адамдарының қоғамдағы беделін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 Бұл бастама — жастарды кәсіби-техникалық білім алуға, нақты еңбек саласына бет бұруға ынталандыруды көздейді.

Махамбет ауданында да осы бағыттағы шаралар қарқынды жүзеге асып келеді. Аудандық Жастар ресурстық орталығы, Мансап орталығы, Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруларымен түрлі кездесулер, мамандық таныстыру көрмелері, шеберлік сабақтары өткізіліп, жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар туралы түсінік берілуде.

Аудандық кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет атқарып жүрген еңбек озаттары, өз саласының майталмандары жастармен жүздесіп, өз тәжірибесімен бөлісуде. Олар үшін еңбек – табысқа жетудің, өз отбасына және ел дамуына үлес қосудың басты жолы.

Бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуы құрылысшы, дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларындағы еңбекқор мамандардың қажырлы еңбегімен тікелей байланысты. Осындай жандардың ерен еңбегі қоғам тарапынан лайықты бағаланып, «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде түрлі марапаттар мен алғыс хаттар табысталуда.

Аудан тұрғындары бұл бастаманы зор қолдауға ие деп бағалап, еңбек адамының мәртебесін арттыру – ұлт болашағын нығайтудың басты кепілі екенін ерекше атап өтуде.

 

А.Қонысбаев,

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT