Биылғы "Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман" тақырыбында өткен республикалық Тамыз конференциясы ерекше мәнге ие. Өйткені Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл шара – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа мүмкіндіктер ашатын, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеретін маңызды қадам.
Колледж үшін Тамыз конференциясында айтылған әрбір бастама – болашақ мамандарды сапалы даярлауға бағытталған нақты бағдар.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы алғаш рет кәсіби бағдар беру педагогы лауазымы ресми түрде енгізілді.
Колледж студенттері мен оқытушылары үшін ел ішінде және шетелде оқу алмасуларға қатысуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлықтың жаңа ережелері бекітілді. 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе көбейеді.
Жылдың басым бағыттарының бірі — колледждерді интернационалдандыру.
2025 жылы 10 оқу орны халықаралық стандарттарға сай жаңғыртудан өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еңбек адамының беделі мен абыройы артуы – экономикалық дамудың басты факторы. Біз осы бағытта өз үлесімізді қоса беретін боламыз.
"Дендер"-Ақпарат