Бір уақытта еленбей қалған ерекше күн елдіктің алтын арқауындай болып қайта ұлығыланып, ұлттық мереке ретінде өткен жылдан бері мерекелене бастауы бүгін де аға буын өкілдерінің бірі менің де көңілімді елжіретіп отырған жайы бар. Президентіміз айтқандай, біле-білгенге бұл - елдігіміздің басты мерекесі. Мұның сол құндылығымен қайта оралып, бүгінде жас-кәрінің бірдей көңіл төріне ұялағанын қуанамын, ұзағынан бола бергей деймін. 13 жыл уақыт өткеннен кейін қайта тойлана бастаған сол елдік мереке - Республика күні де таяла түсті
Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. Бұл жарлыққа Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Әрине, 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалмағаны анық. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Р е с п у б л и к а с ы Ж о ғ а р ғ ы К е ң е с і н і ң ж а р л ы ғ ы м е н Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қ а б ы л д а н ғ а н б о л а т ы н. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының е г е м е н д і г і ж а р и я л а н ы п, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық н е г і з д е р і ж а р и я л а н д ы . Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке терр и т о р и я с ы , а з а м а т т ы ғ ы , м е м л е к е т т і к б ю д ж е т і, халықаралық қатынастардағы д е р б е с т і г і , м е м л е к е т т і к рәміздері бекітілді. А л 2 0 0 9 ж ы л ы а т а л ғ а н заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді де, ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. 2022 жылдың 16 шілдесіндегі Ұ л т т ы қ қ ұ р ы л т а й д а Е л Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. «Ұлттық м е р е к е л е р м е н а т а у л ы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұ с ы н а м ы н . С о н д ы қ т а н , қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің т ә у е л с і з д і к ж о л ы н д а ғ ы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деді ол. Н ә т и ж е с і н д е өткен жылдың қыркүйек айының орта шенінде Қазақстан Республикасының П а р л а м е н т і « Қ а з а қ с т а н Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді, Республика күні – ұлттық мереке аталынды.
Бүгін мен барша отандастарымыз сияқты егемендігіміз ғұмырлы болсын деймін. Мереке күні егемен еліміздің көгінде біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтасын деп тілек етушілердің қатарындамын. Қазақта «жақсы сөз – жарым ырыс» дейді, осы күні тілегіміз – түзу, ниетіміз – ақ, көңіліміз кіршіксіз қалыпта болып, баршамыз өз Отанымызбен мақтанайық, б і р л і г і м і з д і н ы ғ а й т а й ы қ, елдігімізді танытайық, бірге қуанайық. Ұлттық мерекені осылай ұлықтасақ, бір кездегі ұстаз, кейінгі аыл басшысы болған азамат ретінде оның ұғымы да, ұлағаты да ұрпақтар санасына сіңе береріне сенемін.
Жарылғас ҒҰБАШҰЛЫ,
ауданның Құрметті азаматы, мемлекеттік қызметтің ардагері.