Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап Азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамының лауазымдарына кандидаттардың заңнамалық және жеке қасиетін бағалау тестілерін тапсыру тәртібі қысқартылған, яғни алдағы уақытта өрт сөндіруші-құтқарушы, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі және радиотелефоншы лауазымдарына қызметке орналасуға ниет білдірген үміткерлер үшін мемлекеттік тестілеуден өтуді қажет етпейді.
Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа кіріп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарында елге қызмет етуге ниеті бар 18-35 жас аралығындағы барлық аудан тұрғындарын жұмысқа шақырамыз.
Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Сарыарқа көшесі, №2 мекен-жайында орналасқан Исатай ауданы №6-шы Өрт сөндіру бөліміне келіп, кеңес алуыңызға болады.
Қайырғали УТЕШОВ,
Исатай ауданы 6-ӨСБ бастығы,
азаматтық қорғау майоры