Екінші тоқсанда оқу қалай жалғасады?

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады.

Бұл туралы ​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан​ Есенғалиев​ айтты, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Спикер​ коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдай тұрақты емес екендігін атап өтті.

«Біз ​ үшін ​ балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың​ қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз» деді Сатқан Есенғалиев.

«2020-2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296​ оқушы қамтылған. 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164​ мектепте 1-4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған» деді Сатқан Ыбырайұлы.

Айта кетелік, бүгінгі таңда облыста 21 шағын жинақты мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521