Жаңа Конституцияда табиғатқа ұқыпты қарауға, сондай-ақ азаматтардың кепілдіктеріне, құқығы мен бостандығына ерекше мән берілді. Ақмола облысындағы туризм және қолөнер салаларының өкілдері Коалиция мүшелерімен кездесу барысында осындай қорытындыға келді. Зеренді ауданындағы «Зерен» кешенінде ел мен жер болашағына бейжай қарамайтын 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Олардың арасында шеберлер және туристік жобаларды ұйымдастырушылар да бар.
Ақмола облысының азаматтары еліміздегі тұмса табиғаты бар туристік өңірдің тұрғындары ретінде жаңа Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назар аударды. Олардың айтуынша, преамбулада көрініс тапқан табиғатқа ұқыпты қараудың басымдығы орнықты дамудың стратегиялық бағытын бекітеді. Осы қағидаттың конституциялық рәсімделуі экологиялық қауіпсіздікті экономикалық өсудің, туризм мен агросекторды дамытудың, сондай-ақ инвестициялық және азық-түлік тұрақтылығын нығайтудың ұзақмерзімді негізіне айналдырады.
Сондай-ақ ақмолалықтар Әділетті Қазақстанның құрылуы және Заң мен Тәртіп қағидаты қоғамның жаңа адамгершілік бағдарын айқындайды. Өз кезегінде қолөнершілер ұлттық мәдениетке, шығармашылық еркіндігіне Ата Заң деңгейінде қолдау көрсету қадамы креативті индустрия мен жергілікті брендтердің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.
Бұдан бөлек туризм саласының өкілдері жаңа Конституция жобасындағы 40-бабтың маңызын ерекше атап өтті. Онда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға міндетті екені нақты көрсетілді. Ақмолалықтардың пікірінше, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі арқылы ғана еліміздің бірегей мұрасы келер ұрпаққа жетеді.
Кездесуде қонақ үйлерді, туристік бағыттарды және қолөнер шеберханаларын дамытып жүрген азаматтар шағын бизнес үшін ашық жұмыс ережелері, инвестицияларды қорғау және мәдени бастамаларды қолдау қадамдары аса маңызды екенін айтты. Қатысушылардың айтуынша, Ата заң жобасында кәсіпкерлік еркіндігі мен меншіктің тең қорғалуының бекітілуі олардың сенімін арттырып, бизнесті бір маусымға ғана емес, ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ақмола облысындағы туризм және қолөнер саласының өкілдері ел болашағын бірге құруға және 15 наурызда жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруге дайын.
Экология және бизнеске арналған мүмкіндіктер – туризм саласының өкілдері неге жаңа Конституцияны таңдады
- Информация о материале
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 13



