Биылғы Жолдау халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік, қаржылық, энергетикалық, аграрлық салалардағы туындаған мәселелер мен олардан шығу жолдары сөз болды.
Халықтың басындағы несиеге алаңдаушылық білдірген Президент бұл қоғамдық қатердің алдын алу үшін банктердің ақша-несие саясатына байланысты жүйелі талдау жүргізіліп, үйлесімсіздікті жою үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Қазына қаржысын стратегиялық маңызы жоқ шаруаларға жұмсамауды қатаң ескертті. Келесі бағыттарда Мемлекет басшысы денсаулық саласын, бұқаралық спорт пен балалар спортын дамыту, «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыру, елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау сияқты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, «Таза Қазақстан» шарасын одан әрі жалғастырып, әрбіріміз айналамызды таза ұстауға міндетті екенімізді айтты.
Ел Президенті Жолдаудың соңғы тоғызыншы бағытында Қазақстанда барлық азаматтардың тең құқыққа ие екеніне аса мән беріп, елдегі бірлікті сақтауға шақырды. Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда тәртіп идеологиясын терең орнықтыру да жан-жақты қамтылған.
Серік АМИРОВ,
аудандық ішкі
саясат және тілдерді
дамыту бөлімінің
басшысы