Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды.
Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.
Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар.

