“Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырауда сегізінші үйдің кілті табысталды (+ВИДЕО)

Бүгін Атырауда орталық “Иманғали” мешіті алты баланың анасына баспана кілтін табыс етті.

“Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында осымен Атырауда тапсырылып отырған сегізінші үйдің иесі - Айна Китуева.

Он алты жылдан бері пәтер жалдап, алты баласымен бірге баспана тауқыметін тартып жүрген ананы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған орталық “Иманғали” мешітінің ұжымы, еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері барып арнайы құттықтады.

0106-ui1

“Жуырда Рамазан айының соңғы күндерінде әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасын баспана бақытымен қуантқан едік. Бүгін алты балалы бұл отбасына Атырау қаласына қарасты Дамбы елдімекенінен жайлы қоныс бұйырып отыр. Мүфтият тарапынан іске қосылып отырған “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында беріліп отырған бұл үй еріктілердің бастамашыл болуымен және қарапайым азаматтардың 100 теңгеден бастап жинаған шынайы ниетінің арқасында мүмкін болып отыр. Бұл игілікті бастама жалғасады. Алла Тағала баршаңыздан разы болсын” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Бұл күнге жеткеніне әлі де сене алмай, қуаныштың көз жасы жүзін жуған ана Айна Китуева алғысын жаудырып жатыр. “Ғажайыптар болады. Тілегім қабыл болды. Осындай қуаныш барлық мұқтаждарға бұйырсын” дейді ол.

0106ui2

Еске сала кетелік, осымен Атырауда “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында сегізінші үй тапсырылып отыр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21