Ел Президенті Атырау облысының Құрметті азаматын 70 жасымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Атырау облысының Құрметті азаматы Қайрат Ищановтың 70 жылдығына арнап құттықтау хатын жолдады.

29ishanov09

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстың Құрметті азаматы Қайрат Ищановтың 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың туған күніне орай жолдаған хатын салтанатты түрде табыс етті» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.

29qatimolla

Ел Президентінің хатын табыс еткен облыс әкімі Қайрат Ищановтың мемлекет дамуға қосқан үлесі, заң шығару саласындағы ерекше еңбегі мен қайраткерлігін де ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мерейтой иесіне ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтен де құттықтау хат келіпті. Салтанатты жиында Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов пен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, мерейтой иесіне ақ тілектерін арнады.

290970jas

Айта кетейік, Қайрат Қыдырбайұлы еңбек жолын қарапайым балықшылықтан бастаған. Еңбекқорлығы мен қажыр-қайратының арқасында әр жылдары Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Екі рет Парламент Сенатының депутаты, Сенат комитеттерінің төрағасы, Сенат төрағасының орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды.

29quttiqtau

Қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, «Құрмет», «Достық», «Парасат» ордендері, «Барыс» төсбелгісі мен бірнеше «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521