Ел тарихы - рух азығы

Ел тарихын, мәдениетін білу – әрбір азаматтың міндеті.

Ал өткенді білмей болашаққа көз жүгірту мүмкін емес. Өткеннің ізін жаңғыртып, тарихтан сыр шертетін негізгі құрал бұл - музей. Екі дәуір арасындағы ұлы көпір десек те артық айтпағандық болар еді. Тарихи оқиғаларды санамызға сіңіруде музейдің рөлі орасан. Осы тұрғыдан Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор Бейбіт Сембекұлының бастамасымен бізде рухани сусындауға, ел тарихына қала тарихына бір көз жүгіртіп, патриоттық сана-сезімімізді нығайту мақсатында, Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің жеке құрамының қатысуымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне үстіміздегі айда экскурсия жасадық.

Музейден тамыры терең тарихымызды сыр шертетін түрлі құнды заттар мен өткенді айна қатесіз бейнелеген көріністерден көп ой түйдік. Ішкі жан дүниеміз бен руханиятымыздың дамуына үлкен септігі тиді. Тіптен бойымызды бабалардың ерлігі, өрлігіне деген, жерді қорғаудағы, елді күзетудегі ерліктері мен түрлі сындарда мұқалмаған жігерлеріне деген риясыз алғыс кернеп тұрды.

Атырау гарнизоны ӘПБ (әкімшілік тәжірибе) офицері, әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика