АСТАНА. KAZINFORM – Онда 562 мың адам білім алып жатыр, оның ішінде 266 мың адам немесе 47,3% – әйелдер. 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1% өскен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025-2065 оқу жылының басында елде 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы және 35 филиал жұмыс істеді. Білім алушылардың жалпы санының 73,4% негізгі орта білім негізінде (9-сыныптан кейін), 22,9% жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ-дан кейін оқуға түскендер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 397 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 70,6%, тағы 165,1 мың адам немесе білім алушылардың 29,4% ақылы түрде оқиды.
Өткен оқу жылындағы түлектер саны 169,3 мың адам болды, оның ішінде 102,3 мың адам (60,4%) жұмысқа орналастырылды және 28,4 мың адам (16,8%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38 684 оқытушы және 5 170 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,3% және 47,8%-дан.


