Елдің Тоғайғаны ауылдың оңалғанынан көрінеді

«Ауыл» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Қадыржан Арыстан ауданымызда болып, жергілікті тұрғындармен және партия мүшелерімен кездесті.

Басқосу барысында ол партияның қызметі туралы баяндап, ел көлемінде атқарылып жатқан ауқымды шаралар жайлы айтты. Оның айтуынша, ауыл тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы, ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерін шешу партия қызметінің негізгі бағыты болып саналады.

Бүгінгі күні шамамен 8 млн. адам немесе халықтың 45% ауылдық жерлерде өмір сүруде. Сондықтан ауыл және агроөнеркәсіптік кешені және елдің толық ауқымды жаңғыруын жүзеге асыруда ерекше орын алады.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын бүгінгі таңда алаңдатып отырған мәселелер - жерді тиімді пайдалану, қазіргі заманғы инновациялық технологияларды аз қолдану, мал шаруашылығындағы жаңа тұқымды ойлап тауып, дамыту, аграрлық секторды дамытуға ғылыми ақпарат және ғылыми жетістіктерді толық деңгейде пайдалану. Ауылдың ең өзекті мәселелерін кешенді түрде шешуі үшін партия «Ауыл инфрақұрылымы» атты ауылдық жерлерді кешенді дамыту және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз етуді қарастыратын мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, іске асыру қажет деп санайды.

Партияның және бір бағыттарының бірі – азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, оның шешілу тетіктерін қарастыру. Медицина саласындағы мамандардың, нақтырақ айтатын болсақ, медбикелердің, фельдшерлердің, санитаркалардың, басқа да техникалық қызметкерлердің лайықты жалақысы болуы керек. Өткен жылы аталмыш партия ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл медицинасын қолдау» акциясы өткізілген. Сонымен қатар, ұлттық тәрбие және еліміздің ежелден келе жатқан отбасы институты мәселелеріне қатысты «Отбасы құндылықтары және қоғамдық жаңғыру» атты дөңгелек үстел, шығармашыл жас-тарды қолдау мақсатында қаламгерлер арасында «Ауылым-алтын тұғырым» әдеби байқауы ұйымдастырылған. Басқосуда филиал төрағасы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді.

Кездесу барысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Сисатов «Ауыл» партиясының Исатай аудандық филиалының төрағасы болып сайланды. Соңында филиал төрағасы Қ.Бақтығалиұлы, аудандық орталық кітапхана қызметкері С.Көбееваға «Ауылым – алтын тұғырым» атты кітабын сыйға тартты.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521